Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкент – Алматы тасжолында көліктер соқтығысып, екі адам жарақат алды

Оқиға
Шымкент – Алматы тасжолында көліктер соқтығысып, екі адам жарақат алды
istockphoto.com

6 қаңтар күні Шымкент – Алматы республикалық автожолында төрт көліктің қатысуымен жаппай жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апат салдарынан екі адам түрлі жарақат алды. Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды.  

Апаттың алдын ала себебі белгілі болды

Алдын ала мәліметке сәйкес, жол апатына қолайсыз ауа райы себеп болған. Таңертең өңірде ауа райы күрт өзгеріп, қалың тұман түсіп, көріну қашықтығы айтарлықтай төмендеген. Осындай жағдайда жүргізушілердің жол жағдайын бағалауы қиындаған.

Оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеп, зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілді.

Полиция жүргізушілерге ескерту жасады

Түркістан облысының полиция қызметкерлері Шымкент – Түркістан және Алматы – Таразбағыттарында жүрген жүргізушілерге сақ болуға шақырды.

Жолдағы қауіпсіздік үшін жылдамдықты асырмау; қауіпсіз арақашықтықты сақтау; қауіпсіздік белдігін тағу; тұман мен тайғақ жолда барынша абай болу қажет.

Құқық қорғау органдары қолайсыз ауа райы кезінде алыс жолға шықпас бұрын жол жағдайын алдын ала тексеруге кеңес береді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу