Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"3 сынып оқып, тұрмысқа беріп жіберген": Руслан Өтепбай сұмдық жағдайдың бетін ашты (ВИДЕО)

Қоғам
"3 сынып оқып, тұрмысқа беріп жіберген": Руслан Өтепбай сұмдық жағдайдың бетін ашты (ВИДЕО)
Alash.kz коллажы

Танымал журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында Алматы облысында тұратын бір отбасыға қатысты алаңдатарлық ақпаратты бөлісті, деп Malim.kz тілшісі Alash.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Журналистің айтуынша, Қарасай ауданының тұрғыны оған хабарласып, көмек сұраған. Көршісінің жуырда Қаскелең қаласындағы ауруханада төртінші баласын дүниеге әкелгенін, алайда дәрігерлер тарапынан ақша талап етілгенін жеткізген.

"Алайда дәрігерлер көпбалалы анадан ақша талап еткен деген уәж айтылады. Осы мәселені анықтау үшін отбасының үйіне барғанда, жағдайдың бұдан да күрделі екені белгілі болды. Үйдің тұңғыш қызын өгей әкесі 13 жасында тұрмысқа берген көрінеді. Қыз мектепте 3-ақ сынып қана оқыған. Ал екінші қыз қатарластарынан 3 жылға қалып қойып, қазір 4-сыныпта оқып жүр. Негізі 7 сыныпта оқуы керек екен.

Бұл қыздың есімі – Фатима. Айтуынша, өгей әкесі оны 13 жасында 30 жасар жігітке тұрмысқа берген. Небәрі үш сыныптық білімі бар. Бұл отбасыда балалар мектепке уақытылы бармаған. Себебі әкелері бір партада ұл мен қыздың отыруын «харам» деп қабылдап, қыздарын мектепке бермеген. Күні кеше Фатиманың анасы төртінші баласын босанды. Ал әкелерінен хабар жоқ. Қыздардың айтуынша оның бір емес бірнеше отбасысы бар көрінеді", – деп жазды Руслан Өтепбай.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу