Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырауда жоғалып кеткен отбасының туысы халыққа үндеу жасады

Қоғам
Атырауда жоғалып кеткен отбасының туысы халыққа үндеу жасады
Фото: видеодан кадр

Марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиев әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Осы себепті ол елге үндеу жасауға мәжбүр болған.

"Қайғыға ортақтасып, көңіл білдіріп жатқан жандарға Алла разы болсын! Мен марқұм Мақсот Қарабалин деген кісінің інісі боламын. Өкінішке қарай, бір келеңсіз жағдайларды естіп жатырмыз. Әлеуметтік желіде "көмек қолын созамын десеңіздер, осындай нөмірге ақша жіберсеңіздер болады" деген секілді ақпараттар тарап жатыр екен. Ол ақпараттың өтірік екенін айту мақсатында сіздерге осындай видео үндеу жолдап жатырмын. Мұндай ақпараттарға сенбеулеріңізді сұраймыз. Біз осында ауыл-аймақ, туған туыс өзіміз ауыртпалықтың бәрін көтеріп, шаруаларды үйлестіріп жатырмыз", – деді Шалқар Мұқанғалиев.

Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысында жоғалған отбасының ерлі-зайыптылардың мәйіті табылған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу