Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Еуропа Украинаға бітімгерлік күш жіберуді талқылап жатыр

Әлем
Еуропа Украинаға бітімгерлік күш жіберуді талқылап жатыр
Фото: Reuters

Украинада атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілген жағдайда, ел аумағына 15-20 мың әскери қызметкерден тұратын бітімгерлік контингент орналастырылуы мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz «Азаттық радиосына» сілтеме жасап.

Франция президенті Эмманюэль Макронның айтуынша, Парижде өтетін «Қолдаушы елдер коалициясының» кездесуінде Украина үшін қауіпсіздік кепілдіктері бойынша нақты міндеттемелер ұсынылып, ықтимал бітімгерлік күштердің құрамы мен форматы айқындалады.

Күтілгендей, контингенттің негізгі бөлігін Франция мен Ұлыбритания ұсынады. Олар құрлықтағы және әуе компоненттеріне жауапты болады. Ал Түркия Қара теңіздегі кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын екенін білдірген.

Алайда әзірге түпкілікті әскери жоспарлар бекітілмеген. Басылымға пікір білдірген еуропалық дереккөздердің көпшілігі бітімгерлер Украинаның батыс өңірлеріне орналастырылуы мүмкін екенін айтады. Олар майдан шебіне тікелей жіберілмей, қолдау көрсету, оқыту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін атқаруы ықтимал.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу