Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Талдықорғанда түтін басқан үйден жеті бала құтқарылды

Оқиға
Талдықорғанда түтін басқан үйден жеті бала құтқарылды
видеодан скрин

Өрт сөндірушілер балаларды тұрғын үйде шыққан өрттен құтқарды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Талдықорған қаласы Қаратал шағын ауданында 5 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты. Өрт бірінші қабаттағы пәтерде тіркелген, салдарынан кіреберісі тығыз түтінге толды.

Оқиға орнына жедел түрде ТЖД бөлімшелері келді. Құтқару барысында автосатының көмегімен жоғарғы қабаттағы терезелерден 8 адам, оның ішінде жеті бала құтқарылды.

Зардап шеккендер жоқ. Алдын алу мақсатында құтқарылғандардың барлығы қосымша медициналық тексеру үшін Талдықорған қаласының көп бейінді ауруханасына жеткізілді.

Өрттің себебі анықталып жатыр. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу