Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Соңғы тойлары..." – Атырауда жоғалған отбасының қуанышты сәттері туралы видео тарады (ВИДЕО)

Қоғам
"Соңғы тойлары..." – Атырауда жоғалған отбасының қуанышты сәттері туралы видео тарады (ВИДЕО)
Alash.kz коллажы

Атырау облысында жұртты алаңдатқан оқиғаға қатысты жаңа дерек пайда болды. Желіде сарай маңынан мәйіттері табылған зейнеткерлердің отбасылық қуаныш кезінде түсірілген соңғы бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Malim.kz.

Дереккөздің жазуынша, Атырау облысының Қызылқоға ауданында із-түзсіз жоғалған отбасы мүшелерінің екеуі өлі күйінде табылған. Қазіргі таңда зейнет жасындағы ерлі-зайыптының тағы екі баласын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Құқық қорғау органдары аталған дерек бойынша қылмыстық істі "Адам өлтіру" бабы аясында тергеп жатыр.

Желіде тараған видеодан Мақсот пен Нәсіп есімді зейнеткерлердің балалары – Мирамгүл, Наурыз және қыздары Ақбаянмен бірге мерейтойды атап өтіп жатқан сәттері көрінеді. Алдын ала мәлімет бойынша, бүкіл әулеттің қазасына байланысты негізгі күдікті ретінде Ақбаянның күйеуі қарастырылуда.

Жақындарының айтуынша, күдікті ретінде аталып отырған азамат дін жолында болған, намаз оқыған. Сондай-ақ зейнеткерлердің қызы Ақбаян соңғы кездері туыстарымен сирек байланысқа шыққан.

Қазіргі уақытта Мирамгүл мен Наурыз хабар-ошарсыз кеткендер қатарында. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу