Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мадуроны ұстау кезінде 80-ге дейін адам қаза тапты

Әлем
Мадуроны ұстау кезінде 80-ге дейін адам қаза тапты
Фото: Reuters

АҚШ үкіметінің бағалауынша, Венесуэла президентін ұстауға бағытталған әскери операция барысында 80-ге дейін адам қаза тапқан. Олардың ондағаны Каракастағы резиденциясында болған атыс кезінде көз жұмған. Бұл туралы жағдайдан хабардар ресми тұлғалар Washington Post басылымына мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Олардың бірінің айтуынша, операция салдарынан кемінде 67 адам қаза тапқан, ал екінші адам қаза болғандар саны 75-тен 80-ге дейін жетуі мүмкін екенін айтқан. Бағалауда Венесуэла мен Куба әскерилерімен қатар, оқиға ортасында қалған бейбіт тұрғындар да ескерілген.

Қаза тапқандар саны (80 адам) бұған дейін The New York Times Венесуэла билігіне сілтеме жасап хабарлаған дерегіне сәйкес келеді.

Операция барысында АҚШ-тың 7 әскери қызметкері зардап шекті. Олардың бір бөлігі Мадуро резиденциясы маңындағы атыс кезінде оқ жарақатын алған.

Қазіргі таңда екі америкалық әскери жарақаттан кейін әлі де қалпына келіп жатыр, ал тағы бесеуі қызметіне қайта оралған.

Айта кетейік, бұған дейін Мадуро АҚШ сотында өзіне тағылған айыптарды мойындамаған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу