Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мадуро АҚШ сотында өзіне тағылған айыптарды мойындамады

Әлем
Мадуро АҚШ сотында өзіне тағылған айыптарды мойындамады
Фото: Reuters

Венесуэланың тақтан тайдырылған президенті өзіне тағылған төрт айыптың барлығын да — соның ішінде наркотерроризм жасау мақсатындағы сөз байласу, кокаин әкелуге келісу, пулеметтер мен жарылғыш құрылғыларды сақтау айыптарын — толықтай жоққа шығарды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Мен кінәсізбін. Мен ештеңеге кінәлі емеспін. Мен — адал адаммын», — деп келтіреді америкалық журналистер Мадуроның сот залындағы сөзін.

Елі аумағынан күшпен әкетілген президент федералды судьяның алдына Манхэттендегі сот залында алғаш рет келді.

CNN мәліметінше, Мадуроның тобық тұсы кісенделген. Ол жұбайымен бір үстел басында отырған, екеуінің де құлағында сымды құлаққап болған — аударманы есту үшін болуы мүмкін.

Мадуроның жұбайы Силия Флорес те есірткі таратумен байланысты сөз байласу айыбы бойынша өзін кінәлі деп танымады.

Нью-Йорктегі сот ғимаратының алдына көп адам жиналды. Жиналғандар екіге бөлінді: бір бөлігі оның ұсталуын қолдаса, енді бірі бұған қарсы наразылық білдірді.

Еске салайық, сенбі күні АҚШ арнайы операция барысында Венесуэла президенті мен бірінші ханымды күштеп Штаттар аумағына алып кеткен еді. Нью-Йоркте Мадуро жұбайларына «наркотерроризм» айыбы тағылды.

Сот отырысы аяқталды. Келесі тыңдау 17 наурызға белгіленді. CNN тілшілерінің хабарлауынша, Мадуро мен оның жұбайы сот залынан бірдей түрме киімінде шыққан: қара түсті медициналық халаттар мен хаки түсті шалбар киген.

Сондай-ақ ерлі-зайыпты Мадуролар кепілмен босату туралы өтініш бермеген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу