Қытайда дәрігерлер алғаш рет ерекше операция жасап, әйел адамның құлағын уақытша аяғына тіккен. Бұл операция науқастың құлағын сақтап қалу үшін жасалған, деп хабарлайды Malim.kz.
South China Morning Post мәліметінше, әйел ауыр техникамен жұмыс істеу кезінде қатты жарақат алған. Нәтижесінде бас терісі, мойын және бет аймағы жыртылып, "көптеген бөлшекке бөлініп кеткен", ал құлағы бас терісімен бірге толықтай жұлынып қалған.
Жарақат алған әйел Шаньдун провинциясындағы ауруханаға жеткізілген. Онда қол, аяқ және реконструктивті микрохирургия саласына маманданған хирургтер тобы бас терісін қалпына келтіруге стандартты әдістерді қолдануға тырысқан. Алайда жарақаттың ауырлығына байланысты бұл мүмкін болмаған.
Дәрігерлер құлақты бірден бұрынғы орнына тіге алмады, себебі алдымен бас сүйек тіндерінің жазылуы қажет болған. Сондықтан олар құлақты тірі күйінде сақтап қалудың жолын іздеген.
Нәтижесінде медицина қызметкерлері құлақты табанның үстіңгі бөлігіне уақытша көшіру туралы шешім қабылдаған.
"Табан терісі мен жұмсақ тіндерінің қалыңдығы бас аймағындағы тіндерге ұқсас, бұл кейінгі трансплантация кезінде ең аз түзетуді қажет етеді", – делінген материалда.
Тіндер қалпына келген соң және реконструкция аяқталғаннан кейін, дәрігерлер науқастың құлағын қайтадан өз орнына сәтті түрде тікті. Басылым атап өткендей, мұндай операция бұрын-соңды жасалмаған.