Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ туының түсіне боялған Гренландия картасы дау тудырды

Әлем
АҚШ туының түсіне боялған Гренландия картасы дау тудырды
видеодан скрин

Екі күн бұрын әлеуметтік желіде Америка туының түсіне боялған Гренландия картасы жарияланды. Мұны жарияға шығарған анау-мынау адам емес, АҚШ президенті Дональд Трамп кеңесшісінің әйелі - Кэти Миллер. Ол бұл суретпен қоса «тақауда» деген жазба қалдырған. Даудың басы осыдан шықты. Дания билігі мұны қатаң айыптады. Корольдіктің аумақтық бір тұтастығын құрметтеуге шақырды. Сондай-ақ Гренландия НАТО-ның бір бөлігі екенін еске салды. Дегенмен Ақ үй басшысы аралға бірінші президенттік мерзімінен бері көз салып келеді. Тақауда тіпті арал бойынша арнайы өкіл тағайындады. Ал жергілікті тұрғындар Даниядан бөлініп шығуға ниетті болғанмен АҚШ-қа қосылуға үзілді-кесілді қарсы.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу