«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
Ұлттық компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 7 қаңтар сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1194-1212-шақырым аралығында (Шемонаиха қаласы – РФ шекарасы) барлық көлік түрі үшін қозғалыс ашық.
Сондай-ақ ауа райының жақсаруына байланысты 2026 жылғы 6 қаңтар сағат 23:00-ден бастап республикалық маңызы бар автожолдардың төмендегі учаскелерінде жылдамдық режимі 90 шақ/сағ-тан 110 шақ/сағ-қа дейін өзгертілді:
Ақмола облысы
• KAZ 01 «Астана – Қарағанды – Алматы», 30-92-шақырым (Жібек Жолы ауылы – Анар станциясы).
Қарағанды облысы
• KAZ 01 «Астана – Қарағанды – Алматы», 92-164-шақырым (Анар станциясы – Теміртау қаласы).
Жабық жолдар
Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.
Сонымен бірге «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.