Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әскерде жүрген жас жігіт көз жұмды: Ұлттық ұлан шұғыл мәлімдеме жасады (ФОТО)

Қоғам
Әскерде жүрген жас жігіт көз жұмды: Ұлттық ұлан шұғыл мәлімдеме жасады (ФОТО)
Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Шымкент қаласында мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаздың қайтыс болғанын Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы хабарлады, деп жазады Malim.kz.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, Жамбыл облысының (Тараз) қорғаныс істері жөніндегі департаменті арқылы әскерге шақырылған әскери қызметші бірнеше рет медициналық көмекке жүгінген. Ол қаладағы емдеу мекемелерінде дәрігерлердің бақылауында болып, тексерулерден өткен.

"6 қаңтар күні әскери қызметшінің жүрегі кенеттен тоқтады. Реанимациялық шараларға қарамастан, ол қалалық ауруханалардың бірінде көз жұмды. Алдын ала диагноз – жедел лейкоз", – деп түсіндірді ведомство.

Аталған дерек бойынша әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Жағдай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының жеке бақылауында екені хабарланды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу