Алексей Цой қызметінен босатылды 

Айшолпан КЕРІМ

  • 20.12.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алексей Цойды денсаулық сақтау министрі қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды, - делінген хабарламада.

Экс-министр әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы уақытта азаматтық секторға ауысып, денсаулық сақтау жүйесін ғылым арқылы дамытуға үлес қоспақ ниетте екенін жеткізді.

“Бүгін менің азаматтық секторға өту және денсаулық сақтау саласын әлеуметтік басталамалар мен ғылым арқылы дамыту жайлы бастамам қолдау тапты. Мемлекет басшысы тарапынан елдегі COVID-19 ахуалын реттеу, денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетін арттыру туралы тапсырма берілді. Біздің тарапымыздан эпидемиологиялық қауіп-қатерді реттеуге жағдай жасалды. Барлық аймақтарда жаңа инфекциалық ауруханалар ашылып, жедел жәрдем қызметінің автопарктері жетілдірілді, жасанды тыныс алу аппараттары алынып, ауылды жерлерде жылжымалы медициналық кешендер ашылды және басқа да көптеген ауқымды істер атқарылды", - делінген жазбада. Экс-министр ел билігіне, Президент әкімшілігі мен Үкімет басшысына және бұрынғы әріптестеріне, блогерлер мен БАҚ өкілдеріне және медициналық қызметкерлерге алғыс білдіретінін жеткізді.

Айта кетейік, Алексей Цой бұл қызметке 2020 жылдың 25 маусымында тағайындалған болатын.

Оқи отырыңыз: Біртанов бастамасы. Дәріханалар заңнан неге қорықпайды?

Байланысты жаналықтар

Қазақстан атом электр станциялары компаниясының басшысы тағайындалды

01.05.2025

Абай облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

30.04.2025

Министр әскерде соққы алған Ербаян Мұхтардың жағдайын айтты

29.04.2025

Серік Сәпиев жаңа қызметке сайланды

27.04.2025

Тоқаев​​​​​​​ Хорватияның сыртқы істер министрін қабылдады

23.04.2025

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

21.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан атом электр станциялары компаниясының басшысы тағайындалды

Осыған дейін бірнеше лауазымды қызмет атқарған

Абай облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Министр әскерде соққы алған Ербаян Мұхтардың жағдайын айтты

Серік Сәпиев жаңа қызметке сайланды

Тоқаев​​​​​​​ Хорватияның сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев​​​​​​​ Хорватияның сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманды қабылдады

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Моңғолия, Шри-Ланка және Даниядағы елшілерін тағайындады