БҚО әкімі Нариман Төреғалиев «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбілғазы Құсайыновпен кездесті. Тараптар өңірдегі ардагерлер ұйымының жұмысы, аға буынның қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі, жастарға патриоттық тәрбие беру, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын дамыту мәселелерін талқылады.
Аймақ басшысы қариялардың ел бірлігін нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегіне тоқталып, өмірден көргені көп, түйгені мол ардагерлердің тәжірибесі мен ақыл-парасаты қоғам үшін әрдайым маңызды екенін атап өтті.

Өз кезегінде Әбілғазы Құсайынов жылы қабылдау үшін ризашылығын білдіріп, өңірдегі ардагерлер ұйымдарының қызметі, алдағы жоспарлар және ардагерлер қозғалысын дамыту бағытындағы ұсыныстарымен бөлісті.

Кездесу соңында тараптар ардагерлер ұйымдары мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.