freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресейде жанармай бекетін өртеген жасөспірім жеті жылға сотталды

Әлем
Ресейде жанармай бекетін өртеген жасөспірім жеті жылға сотталды
Фото: t.me/mediazona_exclusive

Ресейде 15 жастағы мектеп оқушысы Сайкал Вазирова Санкт-Петербургтегі жанармай құю бекетіне өрт қойғаны үшін жеті жылға тәрбиелеу колониясына жіберілді, деп хабарлайды Malim.kz. 

"Медиазона" мәліметінше, үкімді Бірінші Батыс округтік әскери соты 19 тамызда шығарған.

Тергеу дерегіне сәйкес, 2026 жылғы 23 ақпанда жасөспірім Санкт-Петербургтің Приморский ауданында орналасқан "Татнефть" жанармай құю бекетіндегі отын тарату бағанасына тез тұтанатын сұйықтық құйып, өрт қойған.

Оқиғадан екі күн өткен соң қыз терроризмге қатысты қылмыстық іс бойынша қамауға алынған. Кейін оған елеулі мүліктік залал келтірген террорлық әрекет жасады деген айып тағылды.

Ресей Тергеу комитетінің мәліметінше, жасөспірімді мұндай әрекетке телефон арқылы байланысқан белгісіз адамдар итермелеуі мүмкін.

"Ротонда" басылымы белгісіз қолданушылардың Сайкал Вазировамен Telegram-дағы танысу боттары арқылы байланысқа шыққанын жазады. Олар қыздың геолокациясын анықтап, одан әскери нысандар туралы ақпарат сұраған. Жасөспірім ұсыныстан бас тартқаннан кейін оны дрондармен қорқыта бастағаны айтылады.

Вазирова хат алмасудың скриншоттарын жасап, "Қауіпсіз интернет лигасының" жетекшісі Екатерина Мизулинаға жіберген. Алайда жауап алмаған.

Кейін жасөспірімге өздерін "ФСБ қызметкерлеріміз" деп таныстырған адамдар хабарласып, оған мемлекетке опасыздық жасады деген іс қозғалғанын айтқан. Олар қызды жанармай бекетін өртеуге көндіріп, нысанға «тыңшылар келеді» деп сендірген.

Жасөспірім өрт қойғаннан кейін шамамен бір сағат өткен соң ұсталған.

"Медиазона" мәліметінше, Сайкал Вазированың ата-анасы Қырғызстаннан шыққан. Қыз отбасына қаржылай көмектесу үшін құрылыста жұмыс істеген.

Басылым Ресейде телефон алаяқтарының ықпалымен өрт қоюға барған адамдарға қатысты жүздеген жағдай тіркелгенін жазады. Кейбір жағдайда алаяқтардың құрбаны болған азаматтардың өздері кейін терроризмге қатысты қылмыстық істер бойынша айыпталуда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу