Танымал актер Әбілмансұр Серіковтің өнер майталманы Азамат Сатыбалдымен әзілдескен видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.
Видеода Әбілмансұр Серіков көшеде Азамат Сатыбалдыны кездейсоқ көріп қалады. Актер темекі шегіп тұрған әріптесіне әзілдеп:
"Премьераң құтты болсын, оңбаған!" — дейді.
Алайда бұл әзіл желі қолданушыларының бәріне бірдей ұнай қоймаған. Кейбір оқырман актердің өзінен үлкен әріптесіне бұлай сөйлеуін әдепсіздікке балап, "үлкенді сыйлауды білмейді" деп сын айтқан.