freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

“Қырғыз Президентіне ризашылығымды білдіремін”: Тоқаев Көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады

MALIMet
“Қырғыз Президентіне ризашылығымды білдіремін”: Тоқаев Көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады
Фото-коллаж: aqorda_rasmi/ ЖИ арқылы өңделген

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақорда мәліметінше, Тәуелсіздік сарайында өткен салтанатты жиында Мемлекет басшысы спортшылар мен бапкерлерді Көшпенділер ойындарындағы жарқын жеңістерімен құттықтады. Президент олардың Қазақстанның ұлттық спорттағы абырой-беделін әлемге паш еткенін атап өтті.

"Әлемнің 100-ден астам елінен келген спортшылармен бәсекеге түсіп, көк байрағымызды биікке көтеру – нағыз ұлт перзенттеріне тән асыл қасиет. Ұлттық командамыз ел үмітін толығымен ақтады деп айтсақ, әділеттікке сай сөз болады. Мен Президент ретінде баршаңызға Отанымызға әкелген рухты жеңістеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздерге тұтас халқымыз жанкүйер, тілекші болды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан құрамасының жалпы есепте бірінші орынға шығуын ел мерейін өсірген елеулі жетістік деп бағалады.

Президенттің сөзінше, қазақстандық спортшылар жарыс қорытындысында 74 медаль жеңіп алған. Оның 32-сі – алтын жүлде.

"Осы тамаша жеңіс қазақтың рухы биік, жігері мықты, нағыз жеңімпаз ұлт екенін тағы бір мәрте айқын көрсетті. Жалпы, спорттың басты миссиясының бірі – өзара құрмет пен сыйластықты дәріптеу, халықтар достығын нығайту", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, Қырғыз елінің Президентіне ризашылығын білдірді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу