Қазақстанда мектеп формасы уақытша алынды

Абай Нұржанұлы

  • 11.07.2020

Жаңа оқу жылынан бастап елімізде мектеп формасы болмайды. Бұл туралы онлайн-брифингте Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ айтты.

Министрдің айтуынша, осыдан бірнеше жыл бұрын мектеп формасы туралы ведомствалық бұйрық шыққан. Жуырда оған төтенше жағдайға орайластырған арнайы пункт қосады.

«Егер ата-аналарда мектеп формасын сатып алуға ақша болмаса, балаларына басқа киім кигізулеріне болады. Бірақ ол классикалық стильде болу керек. Біз осындай шешім қабылдадық. Қазіргі жағдайда бұл шешім маңызды деп есептеймін», - деді министр.

Министрліктің бұл шешімі  юстиция органдарына жөнелтіліп, нормативті-құқықтық құжатқа айналмақ екен. Және 2020-2021 оқу жылдарында ғана іске аспақ.Өйткені, бұл коронавирус пандемиясына байланысты қабылданған уақытша әрі мәжбүрлі шара. Оқушыларға мектеп формасын міндеттемеу туралы қабылданған шешімнің ар жағында – карантиндік шаралар салдарынан және пандемияның экономикаға әсерінен табысынан айырылған немесе

«Көптеген ата-аналар мектеп формасын алатындай жағдайда емес екеніктерін айтады. Тұрмыстың қиындап жатқанын естиміз. Осы оқу жылы біз онлайн я болмаса қайтадан бұрынғыдай оқысақта оқушылардан ешкім мектеп формасын талап етпейтін болады. Бұл шешім оқу жылы бойы өз күшінде қалады. Егер бұрын алып қойған немесе аға-әпкелерінен қалған мектеп формасы болса оны кие беруге болады», - деді министр Аймағамбетов.

Айта кету керек, министр Асхан Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте биылғы оқу жылында болатын өзгерістер мен мәжбүрлі әрі уақытша қабылданатын шаралар жайлы айтқан. Соның негізгісі ретінде, көптеген мектептердің қашықтан оқытуға көшетінін айтуға болады. Және мұндай оқыту режимнің қанша уақытқа созылатыны  белгісіз.

Фото: sputniknews.kz

Байланысты жаналықтар

Футзал: Қазақстанның қарсыластары анықталды

02.06.2021

Жұрт дәрі таппай әлек, бұлар фейерверк атады

06.07.2020

КӨСЕМНІҢ СЕНІМДІ ЖЕНДЕТТЕРІ

08.06.2020

Құрбан шалу – байға міндет, кедейге көмек...

14.07.2021

Тоқаев дәрігерлерге қалай көмектеседі?

29.03.2020

«Борат-2» фильміне қарсы жастар АҚШ консулдығына барды

23.10.2020
MalimBlocks
Футзал: Қазақстанның қарсыластары анықталды

Футзалдан әлем чемпионаты биыл қыркүйек айының 12-і мен қазанның 3-і аралығында Литвада өтеді. Осыған байланысты кеше Швейцарияның Цюрих қаласында аламан бәйгенің жеребе тарту рәсімі өтіп, онда Қазақстан құрамасы Венесуэла, Коста-Рика және алаң қожайындары Литвамен бір топқа түсті.

Жұрт дәрі таппай әлек, бұлар фейерверк атады

КӨСЕМНІҢ СЕНІМДІ ЖЕНДЕТТЕРІ

Құрбан шалу – байға міндет, кедейге көмек...

Тоқаев дәрігерлерге қалай көмектеседі?

«Борат-2» фильміне қарсы жастар АҚШ консулдығына барды