"Jas Otan" медицина қызметкерлерін қолдау акциясын бастады (ВИДЕО)

Malim Админ

  • 16.07.2020

"Nur Otan" партиясының"Jas Otan" жастар қанаты медицина қызметкерлеріне иммунитетті көтеретін азық- түлік топтамасы бар "алғыс пакетерін" тарататын "Дәрігерлерге мың алғыс!" акциясын іске қосты.

«Біздің 100-ден астам волонтерлар осылайша бірнеше апта бойы медицина қызметкерлеріне қолдау көрсететін болады. Осы акция арқылы біз азаматтарымыздың өміріне араша түсіп жатқан "ақ халатты батырларға" мейірім көрсеткіміз келеді", - деп атап өтті "Jas Otan" жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев.

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында белсенділер осы уақытқа дейін 30 инфекциялық аурухананың жұмысшысыларына мың жарым "алғыс пакетін" таратты.

Осымен қатар, осындай акциялар бүкіл елімізде өткізіледі.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысындағы жасотандықтар медицина қызметкерлерін бір ай бойы қымызбен қамтамасыз ететін болады. Маңғыстау облысында да дәрігерлерді сүт өнімдерімен қамтып жатыр.

Түркістанда волонтерлар 24 сағат бойы жергілікті ауруханаларға оттегі балондарын толтыру цехтарынан жеткізіп, кері әкеліп тастауға ат салысуда.

Ал, Қызылорда облысында "Jas Otan" жастар қанаты белсенділерінің үндеуіне көгалдағы хоккей - "Қайсар" командасының спортшылары да үн қосты. Спортшылар медициналық қорғаныс заттарын, оттегі балондарын және тыныс алу аппараттарын алуға көмектесті.

Атап өту керек, акцияға қатысқан барша волонтерлар жеке қорғаныс заттарымен қамтылған.

[video width="848" height="480" mp4="http://malim.kz/wp-content/uploads/2020/07/f9c55458a7290316b0a6f176db11bf94.mp4"][/video]