Көтерілістен соң президенті ақыры отставкаға кетті

Malim Админ

  • 19.08.2020

Елдегі көтерілістен соң Мали президенті Ибрагим Бубакар Кейт отставкаға кетті, - деп хабарлайды  РИА Новости агенттігі.

"Осы уақыттан бастап, өз өкілеттігімді тоқтатамын деп шешім қабылдадым. Мен билігімнің сақталғаны үшін қан төгілгенін қаламаймын", - деді президент тікелей эфирде.

Сонымен қатар, ол елдің парламенті мен үкіметі таратылатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, осыған дейін Малиде көтерілісшілер президент Ибрагим Бубакар Кейт пен премьер-министрді кепілге алғаны айтылған болатын.

Ибрагим Бубакар Кейт 2013 жылдан бері Малидың президенті. Елдегі кедейліктің себебінен әскерилер мен халық көтеріліске шыққан.