Министр-келін премьер-министр қайын атасының мүсінін ашты

Malim Админ

  • 31.08.2020

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды. Алдымен министр Қызылорда қаласында орналасқан облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұмысымен танысқан.

Кейін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Арал ауданына барды.

Алдымен Мәдениет және спорт министрі мен облыс әкімі №262 Ұзақбай Қараманов атындағы мектеп-гимназиясының жұмысымен танысып, мүсінін ашылу рәсіміне қатысқан.

«Ұзақбай Қараманұлының есімін ұлықтап, мүсінін ашу рәсімін өткізіп отырмыз. Ұлы адамдардың өмір жолы болашақ ұрпақ үшін әрқашан өнеге. Ұзақбай Қараманов 1937 жылы дүниеге келген. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Премьер-Министрі. Мемлекет және қоғам қайраткері - Қазақстан Құрылысшылар одағының негізін салушы. Қазақ елінің дамуына еңбек еткен азаматтарға құрмет көрсету біздің парызымыз», - деді облыс әкімі Г.Әбдіқалықова.

Ұзақбай Қараманов мүсінінін орнатуға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы мемлекеттік комиссиямен келісілген.

Мүсіннің авторы Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Айдос Тоқтарбекұлы. Мүсін қола материалынан дайындалды, тұғырымен қоса есептегенде биіктігі 3,2 метр.

Айта кетейік,  Ақтоты Райымқұлова Ұзақбай Қарамановтың келіні. Ақтоты Рахметоллақызы Нұрлан Ұзақбайұлына тұрмысқа шыққан.

Байланысты жаналықтар

Әбдіқалықованың тағайындаулары бітпей жатыр

15.06.2020

Райымқұловадан көңілі қалғандар Тоқаевтан қолдау күтеді

14.02.2020
MalimBlocks
Әбдіқалықованың тағайындаулары бітпей жатыр

Райымқұловадан көңілі қалғандар Тоқаевтан қолдау күтеді