Әбдіқалықованың тағайындаулары бітпей жатыр

Malim Админ

  • 15.06.2020

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Төрешова Ләйлә Бегалықызы тағайындалды, деп хабарлады syrboyi.kz

Ләйлә Бегалықызы осы кезге дейін облыс әкімі аппаратының Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарды.

Төрешова Ләйлә Бегалықызы 1966 жылы дүниеге келді. Еңбек жолын 1983 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі №250 орта мектепте орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады.
1988-1991 жж. аралығында қалалық комсомол комитетінде инструктор, одан кейін облыстық комсомол комитетінде инструктор, идеология бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті.
1991-1994 жж. аралығында облыстық жастар ісі жөніндегі комитеттің бөлім бастығы, төраға орынбасары.
1994-1998 жж. – облыстық жастар ісі, туризм және спорт басқармасы бастығының орынбасары.
1998-2005 жж. – облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бөлім бастығы.
2005-2012 жж. – қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы.
2012-2014 жж. – облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары
2014 жылдың 14 маусымынан бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының келісімімен облыс әкімі өкімімен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарған.

Жақында ғана облыс әкімінің өкімімен Шаврова Елена Николаевна Қызылорда облысының қаржы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған болатын. Әбдіқалықованың осындай тағайындаулары бітпей жатыр. Мәлім сайты бұның алдындағы тағайындаулар туралы жазған еді.

Оқи отырыңыз: Бір Әбдіқалықова келді, бір Әбдіқалықова кетті

Оқи отырыңыз: Әбдіқалықованың екі жұлдызы

Байланысты жаналықтар

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

09.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады