Атбасар қаласында 20 жылға жуық уақыт бойы ашылмай келген қылмыс әшкереленді, деп хабарлайды Malim.kz.
Күдіктінің ізі 2007 жылы оқиға орнынан алынған саусақ іздерінің көмегімен анықталған. Оқиға сол кезде шаруа қожалығы иелерінің біріне тиесілі автокөліктен ірі көлемде ақша ұрлану фактісіне қатысты болған. Гаражда тұрған көліктен 300 мың теңге қолды болғаны хабарланған. Ол кезеңде бұл едәуір сома саналған.
Полиция мәліметінше, жәбірленушінің арызынан кейін жедел-іздестіру шаралары жүргізілгенімен, күдіктіні анықтау мүмкін болмаған. Дегенмен криминалистер оқиға орнын мұқият тексеріп, саусақ іздерін арнайы дерекқорға енгізген.
Іс 2026 жылдың көктемінде қайта жанданды. Жергілікті жедел уәкілдер күдікті ретінде есірткіге қатысты басқа іс бойынша назарға іліккен тұрғынды тексеру барысында оның саусақ іздерін қайта сараптамадан өткізген.
Салыстыру нәтижесінде алынған деректер 2007 жылғы ұрлық орнынан табылған іздермен толық сәйкес келгені анықталды.
Полицияның хабарлауынша, қазіргі уақытта күдіктінің қылмысқа қатысы дәлелденіп, ол өз кінәсін мойындаған.