Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарын қызметінен босатты, деп хабарлайды Malim.kz.
Серік Борамбаев Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Серік Борамбаев 1969 жылы 16 сәуірде Павлодар қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Киев жоғары әскери-теңіз саяси училищесін бітірген.
Еске салсақ, ол бұл қызметке 2025 жылғы 15 тамызда тағайындалған еді.