freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"4 жыл дәретхана жудым": Танымал журналист Жанар Байсеміз ел естімеген шындығын ашып айтты (ВИДЕО)

Қоғам
"4 жыл дәретхана жудым": Танымал журналист Жанар Байсеміз ел естімеген шындығын ашып айтты (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Белгілі журналист Жанар Байсеміз өміріндегі ең қиын кезеңдердің бірі туралы алғаш рет ашық айтты. Оның айтуынша, жоқшылық жылдары ол бірнеше жыл бойы қарапайым жұмыс істеуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Журналист бұл туралы Аман Тасығанға берген сұхбатында баяндады. Айтуынша, 1997 жылы жоғары оқу орнына сырттай бөлімге оқуға түскен. Кейін іштей бөлімге ауысуға мүмкіндік болғанымен, отбасылық жағдайға байланысты жұмыс істеуді таңдаған.

"1997 жылы сырттай оқуға түстім. Іштей бөлімге ауысуға мүмкіндік болды. Бірақ сол кезде жұмысқа тұрдым. Жұқпалы аурулар балалар емханасына орналастым. Анам іштей бөлімге ауысуды сұрады. Бірақ мен үйдің үлкені едім, артымнан ерген үш бауырымды жеткізуім керек болды", – деді ол.

Журналист сол жылдары төрт жыл бойы ауруханада тазалықшы болып жұмыс істегенін жасырмады.

"4 жыл бойы еден жудым, дәретхана жудым. Ол кезде айына 4 мың теңге айлық алатынмын", – деп еске алды Байсеміз.

Кейін оның өмірінде жаңа кезең басталған. Сол уақытта жаңадан ашылған "Оңтүстік астана" телеарнасы жұмысқа шақырып, журналистикадағы жолын бастауына мүмкіндік берген.

"Ауруханадағы тұрақты жұмысымды тастап, тәуекел етіп, жаңа арнаға бардым", – деді ол.

Сондай-ақ журналист жеке өмірі туралы да пікір білдірді. Оның айтуынша, шетелдік азаматқа тұрмысқа шығуды арнайы жоспарламаған.

Жанар Байсеміздің айтуынша, жолдасының түбі италиялық болғанымен, әулетінде молдаван, поляк және украин ұлтының өкілдері бар. Күйеуі Одессада өскендіктен, үйде көбіне орысша сөйлеседі. Дегенмен ол қазақ тілін үйренуге уәде берген.

Журналистің сөзінше, ата-анасы қызының таңдаған жарына қарсы болмаған. Әкесі «ұлты маңызды емес, ең бастысы – жақсы адам болуы» керектігін айтып, батасын берген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу