freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Әділет» партиясы Құрылтайға баратын 110 депутаттың тізімін жариялады

Саясат
«Әділет» партиясы Құрылтайға баратын 110 депутаттың тізімін жариялады
Әділет партиясы

«Әділет» партиясы Құрылтайдың бірінші шақырылымына депутаттық мандат алған 110 кандидаттың толық тізімін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Астанада партияның Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтіп, онда Құрылтайдағы депутаттық мандаттар бөлінді. Бюро бекіткен кандидаттар тізімі депутаттарды ресми тіркеу үшін Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясына жолданды.

Партия ұсынған 110 депутаттың 37-сі әйел, бұл жалпы құрамның 33,6 пайызы. 13 депутат – жас, ал 2 депутат – мүгедектігі бар азаматтар. Құрамдағы 21 адам өзге этнос өкілдері. Депутаттардың орташа жасы – 46,7 жас.

Жаңа Құрылтай құрамында бұған дейін мемлекеттік және қоғамдық қызметте болған азаматтар да бар. Олардың қатарында:

Ұлттық Құрылтайдың бұрынғы 13 мүшесі;
Мәжілістің 20 экс-депутаты;
Сенаттың 4 экс-депутаты;
Президенттік жастар кадр резервінің 10 мүшесі;
Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің 4 мүшесі;
Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның 5 мүшесі;
мәслихаттардың 26 депутаты бар.

Сонымен қатар Құрылтайға әртүрлі сала мамандары кірді. Олардың арасында 3 эколог, 2 волонтерлік қозғалыс өкілі және IT саласының 4 маманы бар.

«Әділет» партиясы Құрылтайда 110 мандат алды

Сайлау қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы 71,17 пайыз дауыс жинап, Құрылтайдағы 145 депутаттық мандаттың 110-ын иеленді. Партияны 6,5 миллионнан астам қазақстандық қолдаған.

Партия төрағасы Айбек Дәдебайдың айтуынша, сайлау нәтижесі азаматтардың партияға және елдегі реформалар бағытына жоғары сенім білдіргенін көрсетеді.

Енді партия мен оның Құрылтайдағы депутаттық фракциясының негізгі міндеті – халықтың сенімін нақты істер мен нәтижелер арқылы ақтау.

Құрылтайға «Әділет» партиясынан өткен 110 депутаттың толық тізімі:

1. Авершин Константин Викторович

2. Адаев Ербол Дәненұлы

3. Адамбеков Тілектес Серікбайұлы

4. Аймағамбетов Асхат Қанатұлы

5. Аймағанова Айжан Талғатқызы

6. Алтай Абай

7. Атабаева Гүлзира Нұржанқызы

8. Атамқұлова Гүлназ Төреханқызы

9. Ахмедиев Дархан Мейрамұлы

10. Адамбек Кендебай Сарыбайұлы

11. Амантайұлы Жарқынбек

12. Әбдікешов Алмат

13. Әмірғалиев Мадияр Орынтайұлы

14. Әлімқұлов Бекжан Мухидинұлы

15. Әшімова Аяужан Тұрсынбекқызы

16. Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы

17. Бәденова Әсел Жанболатқызы

18. Байсақова Зүлфия Мұхамедбекқызы

19. Басин Вадим Борисович

20. Батырбеков Ерлан Ғаділетұлы

21. Башымов Марат Советұлы

22. Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы

23. Беркімбаев Берік Серікұлы

24. Больгерт Евгений Андреевич

25. Бұршақов Сатыбалды Ересұлы

26. Байбеков Шалқар Заманбекұлы

27. Бәзенов Айрат Бәзенұлы

28. Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы

29. Бақытбекұлы Нұркен

30. Баялышбаев Елдос Қайыркенұлы

31. Годунова Наталья Николаевна

32. Дәдебай Айбек Арқабайұлы

33. Данилов Александр Сергеевич

34. Данағұлов Ербол Жеткергенұлы

35. Данбаева Жұлдыз Сейітқамзақызы

36. Ділдабек Дидарбек Жұмағалиұлы

37. Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы

38. Ералиев Бегалы Ералыұлы

39. Ерназар Шынасыл Жеңісұлы

40. Есімханов Сұңғат Қуатұлы

41. Ескендірова Ақерке Нұрғалиқызы

42. Елеусізова Бота Серікқызы

43. Ералиев Мағжан Абзалұлы

44. Ергешбек Нұрсадық Ергешбекұлы

45. Жансеңгіров Арман Серікұлы

46. Жаманқұлова Қарлығаш Қалибекқызы

47. Жамалов Бауыржан Салдарұлы

48. Жүкебаев Алмат Отаубайұлы

49. Жылқыбаева Ләззат Әуезханқызы

50. Зәкиева Динара Болатқызы

51. Имашева Снежанна Валерьевна

52. Қарабасова Лаура Шапайқызы

53. Қаринова Шолпан Таңатқызы​

54. Қайырова Әсел Әнуарқызы

55. Қожаниязов Серік Салауатұлы

56. Кемалов Мейрамбай Тамабайұлы

57. Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы

58. Қожаев Марат Шәдетханұлы

59. Қожахметова Ләззат Таймырқызы

60. Кузиева Замира Закировна

61. Кучинская Юлия Владимировна

62. Қамзабекұлы Дихан

63. Оспанбеков Әмірбек Қанатбекұлы

64. Оспанов Шота Сәбитбекұлы

65. Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы

66. Перепечина Ольга Валентиновна

67. Петров Константин Викторович

68. Пономарёв Сергей Михайлович

69. Пулатов Шерзод Аббозович​

70. Рамазанова Наталья Сергеевна

71. Рожин Максим Николаевич

72. Рымжанов Мәди Рысбекұлы

73. Савельева Татьяна Михайловна

74. Сайыров Ерлан Бияхметұлы

75. Сарым Айдос Әміроллаұлы

76. Смышляева Екатерина Васильевна

77. Сүгірбай Аят Исатайұлы

78. Сулаймонова Русана Русланқызы

79. Сүлейменова Айсұлу Қанатқызы

80. Сағынов Замир Садықұлы

81. Себасов Марат Бақбергенұлы

82. Семидоцких Елена Александровна

83. Темірбаева Айжан Маратқызы

84. Тен Ирина Сергеевна

85. Тоқтамұрат Армангүл

86. Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы

87. Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы

88. Тамабек Әбілқайыр Ғалымұлы

89. Тілемісов Тұрарбек Тілемісұлы

90. Теренченко Илья Сергеевич

91. Тоқшылық Ерлан Бейсенұлы

92. Толыбаев Нұрлан Әлішерұлы

93. Шапақ Үнзила

94. Шаталов Никита Сергеевич

95. Шибұтов Марат Мақсұмұлы

96. Щербаков Станислав Александрович

97. Маралов Дәурен Әділмырзаұлы

98. Мұсылманбек Ерқанат

99. Мұхамбедиев Мұратбек Қайырсәпиұлы

100. Медеуова Дана Теміртайқызы

101. Нахбаева Гүлісхан Сайфулинқызы

102. Нарымбетов Бахадыр Мадалыұлы

103. Найымбекова Айжан Ізбасханқызы

104. Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы

105. Ниязалиев Нұржан Әуезұлы

106. Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлы

107. Халықов Арман Қобыландыұлы

108. Хайруллин Арман Ғабидоллаұлы

109. Хайруллиев Мұса Қарашаұлы

110. Ысқақова Айжан Амангелдіқызы

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу