Қазақстандық әнші Әли Оқапов анасы, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева үшін ерекше тосынсый ұйымдастырды. Өнер иесі әсерлі сәттің видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Әли Оқапов жазбасында анасына жасалған сыйлықтың өздері үшін де үлкен толқыныс тудырғанын айтты.
– Анамызға тосынсый жасау әрдайым қобалжу сыйлайды. Бірақ уайымдағанымызға тұрды. Көз жасы тек қуаныштан болсын, – деп жазды әнші.
Видеодан әншінің анасына күтпеген сыйлық жасап, оның ерекше әсерге бөленгенін байқауға болады. Роза Рымбаева тосынсыйды көріп, эмоциясын жасыра алмай, көзіне жас алған.
Желі қолданушылары әсерлі видеоны жылы қабылдап, өнерлі отбасыға ақ тілектерін жаудырды. Көпшілік ана мен бала арасындағы сыйластық пен мейірімді жоғары бағалап, игі тілектерін білдірген.
Әсерлі видеоны Әли Оқапов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.