Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда шетелдік компанияларға кибершабуыл жасаған күдікті ұсталды

Қоғам
Алматыда шетелдік компанияларға кибершабуыл жасаған күдікті ұсталды

2025 жылғы шілде айында Алматы қаласында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік әріптестерімен бірлесіп, Қазақстан азаматын киберқылмыс жасады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Malim.kz.

Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті шетелдік компаниялардың серверлеріне заңсыз кіріп, компьютерлік деректерді шифрлайтын зиянды бағдарламаларды орнатқан. Ол деректерді қалпына келтіру үшін криптовалюта түрінде төлем талап еткен.

Тінту барысында күдіктінің кибершабуылдарды жүзеге асыруда қолданған заттай айғақтар тәркіленді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпараттар жария етілмейді.

Фото: t.me/knbgov_kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу