freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматылық блогер 36 жылдан кейін есімін «Барселона» деп өзгертті

Спорт
Алматылық блогер 36 жылдан кейін есімін «Барселона» деп өзгертті
Azattyq Rýhy

Алматы тұрғыны, блогер Айтолқын Айханова есімін ресми түрде өзгертіп, жаңа туу туралы куәлігін алды. Ол бұл жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ұзақ жылдар бойы қолданып келген Айтолқын есімінен бас тартып, сәби кезінде берілген алғашқы есімін қайтаруға шешім қабылдаған.

Мені танитын адамдар туғанда қойылған алғашқы есімімді біледі. Қырық күнге дейін солай атап келген, кейін есімімді өзгерткен. Бұл атты маған атам қойған еді. Өмірімде жаңа кезең басталып жатқандықтан, алғашқы есімімді қайтаруды жөн көрдім. Енді мені Барселона деп атаңыздар, – деді ол.

Блогердің сөзінше, ерекше есімнің қойылуына атасының дәстүрі себеп болған. Ол дүниежүзіндегі ірі спорттық жарыстар өткен қалалардың атауын немерелеріне есім ретінде беріп отырған.

Барселонаның айтуынша, ол 1992 жылғы Олимпиада ойындары өткен Барселона қаласының құрметіне аталған. Отбасындағы өзге туыстарының есімдері де ерекше. Мәселен, ағасының есімі – Сеул, інісінікі – Сидней, ал жиен қарындасына Токио есімі берілген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу