freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Ақ билет әпереміз", "армиядан босатамыз" дейді: Әскерге барушыларға қатысты ел естімеген шұғыл хабар шықты

Қоғам
"Ақ билет әпереміз", "армиядан босатамыз" дейді: Әскерге барушыларға қатысты ел естімеген шұғыл хабар шықты
gov.kz/memleket

Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде әскерге бармауға "көмек көрсетеміз" немесе "ақ билет алып береміз" деген жарнамалар таралып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомствоның түсіндіруінше, мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру немесе одан толық босату туралы шешімді тек арнайы шақыру комиссиясы қабылдайды. Мұндай мәселелерді делдалдар арқылы "шешіп беру" заңға қайшы.

Министрлік өкілдері заңгерлік кеңес беру қызметі заңды болғанымен, медициналық анықтамаларды қолдан жасау, жалған диагноз рәсімдеу немесе әскери міндеттен жалтарудың өзге де заңсыз тәсілдері қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті. Мұндай әрекеттер үшін тек делдалдар ғана емес, қызметті пайдаланған азаматтар да жауапқа тартылады.

"Әскерге шақыру мәселелері бойынша заңгерлік кеңес беру – заңды қызмет. Алайда медициналық құжаттарды қолдан жасау, жалған диагноздарды рәсімдеу және әскери қызметтен жалтарудың өзге де заңсыз тәсілдері делдалдар үшін де, шақырылушылардың өздері үшін де қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Ведомство азаматтарды күмәнді схемаларға қатыспауға және жергілікті әскери басқару органдары (әскери комиссариаттар) немесе медициналық комиссиялар арқылы "мәселені шешіп беруге" кепілдік береміз деп, азаматтарды жаңылыстыратын "әскери комиссариаттардың көмекшілерінің" айла-шарғыларына алданбауға шақырады", – делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар министрлік мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген және босатылғаннан кейінгі екі ай ішінде сарбаздарға несие төлемдерін кейінге шегеру тетігі қолданылатынын еске салды. Қызметін толық аяқтаған азаматтарға білім беру саласында бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, олар студенттік жатақханаға орналасуда басым құқыққа ие болады және ҰБТ тапсырмай-ақ грант иелену мүмкіндігіне қол жеткізе алады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу