Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақмола облысында шенеунік жетім балаға арналған үйде тұрған

Оқиға
Ақмола облысында шенеунік жетім балаға арналған үйде тұрған

Ақмола облысында мемлекеттік мекеме басшысы екі жыл бойы жетім балаға арналған пәтерде тұрған, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу құқығы бұзылған. 33 бала заңсыз түрде есептен шығарылған, 8 бала уақытында кезекке қойылмаған, ал 1 балаға мүлде тұрғын үй беруден бас тартылған.  

"Аудан орталықтарының бірінде жетім балаға арналған пәтерде екі жыл бойы мемлекеттік мекеме басшысы тұрған. Қадағалау актісі бойынша пәтер қайтарылып, балаға берілді, қазір басқа балалардың құқығын қалпына келтіру шаралары қабылданып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Фото:pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу