freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Араға үш ай салып дүниеден озды": Айгүл Иманбаева марқұм әкесі жайлы жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

Қоғам
"Араға үш ай салып дүниеден озды": Айгүл Иманбаева марқұм әкесі жайлы жан сырын ақтарды (ВИДЕО)
ашық дереккөзден. Суретте: Айгүл Иманбаева

Қазақстандық әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында өміріндегі ең ауыр кезеңдердің бірі туралы әсерлі естелігін бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ол әкесімен араға 40 жыл салып қайта қауышқан. Алайда көптен күткен кездесуден кейін үш ай өткенде әкесі өмірден озған.

Айгүл Иманбаева әкесінің сол кездегі сөздері әлі күнге дейін жадында сақталғанын айтты.

"Араға 40 жыл салып, әкеммен қайта табысқан едім. Сонда әкем: "Екінші жолдасымнан туған қызымды өз үйіріме қостым, енді бұл дүниеде арманым жоқ", – деген еді. Содан кейін араға үш ай салып дүниеден озды", – деп жазды актриса.

Өнер иесі осы жағдайдан кейін адам баласы ешқашан «арманым жоқ» деп айтпауы керек деген ой түйгенін жеткізді.

"Сол кезде адамның "арманым жоқ" деп айтпауы керектігін түсіндім. Ешқашан армандаудан шаршамаңыздар, армандарыңыз асқақ болсын", – деді Айгүл Иманбаева.

Еске сала кетейік, Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты хабарын айтқан еді. Сондай-ақ әнші екінші некесінде балалы болу мәселесіне қатысты пікір білдірді. Сонымен бірге Айгүл Иманбаева жоспарланған отаның кейінге қалдырылғанын хабарлаған болатын.

Айгүл Иманбаева кім?

Айгүл Серікқұлқызы Иманбаева – әншілік, актерлік, тележүргізушілік және продюсерлік салаларда қатар еңбек етіп жүрген қазақ өнерінің танымал өкілі. Ол 1977 жылғы 15 наурызда Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Кенен ауылында дүниеге келген.

Өнерге деген қызығушылығы бала кезінен байқалған. Мектеп қабырғасында музыкамен айналысып, баян аспабында ойнауды меңгерген. Кейін кәсіби білім алу үшін Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясына түсіп, 1994–1998 жылдары осы оқу орнында білім алды.

Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін Айгүл Иманбаева шығармашылықпен қатар ұстаздық қызметке де араласты. 1998 жылы Жүсіпбек Елебеков атындағы колледжде сабақ беріп, жас өнерпаздардың кәсіби қалыптасуына үлес қосты. Сонымен бірге Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық театрда актриса ретінде еңбек етті.

Театр сахнасында ол «Қыз Жібек», «Пай-пай, жас жұбайлар-ай», «Таланған тағдыр», «Алма бағы», «Көгілдір такси», «Желтоқсан желі» секілді қойылымдарда түрлі кейіпкерлерді сомдады. Бұл рөлдер оның актерлік мүмкіндігін ашып, көрерменге кеңінен танылуына жол ашты.

Айгүл Иманбаева 2001 жылы «Хабар» арнасындағы «Ұят болмасын» бағдарламасы арқылы көпшілікке ерекше таныла бастады. Бағдарламада ол еркін жүргізушілік мәнерімен, тапқырлығымен және әзілге жақындығымен көзге түсті. Сол жылы республикалық әзіл-сықақ байқауында белгілі әншілерге жасаған пародиясы үшін бірінші орын иеленді.

Өнер иесі кино саласында да бірнеше есте қаларлық образ жасады. 2004 жылы «Мосфильм» киностудиясы түсірген «Человек ветер» картинасында Шолпанның рөлін сомдады. Кейін «Сүйінші» фильмінде Нұрсұлтан Назарбаевтың анасының бейнесін экранға шығарды. Ал 2010 жылы «Ғашық жүрек» картинасында Майра Итаяқованың рөлін орындады.

Әншілік шығармашылығын ол 1999 жылдан бастап белсенді дамытты. Айгүл Иманбаеваның репертуарына отыздан астам ән енген. Бірнеше туындысына бейнебаян түсіріп, 2007 жылы «Таңғы елес» атты алғашқы жеке шығармашылық кешін өткізді.

2006 жылы өнер иесі «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды. Ал 2011 жылы өзінің «А.И» драма театрын ашып, продюсерлік және театрлық қызметін жаңа бағытта жалғастырды.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Иманбаева бүгінде театр, кино, телевизия және эстрада салаларында өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан өнер тұлғасы саналады. Ол шығармашылығы арқылы ұлттық мәдениеттің дамуына үлес қосып келеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу