Белгілі әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп хабарлайды Malim.kz.
Өнер жұлдызы немерелерінің өмірге келгенін айтып, өзінің әже атанғанын үлкен қуанышпен жеткізді:
"Сүйінші, достар! Қоснемеренің әжесі болдым. Айсұлу, Айсұлтан. Жаратқанға сансыз мадақ! Айсұлтан Асылжанұлы", – деп жазды Айгүл Иманбаева.