freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әскерге бармаған 50 жасқа дейінгі азаматтарды қайта әскери даярлықтан өткізу ұсынылды

Қоғам
Әскерге бармаған 50 жасқа дейінгі азаматтарды қайта әскери даярлықтан өткізу ұсынылды
Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі, запастағы полковник Ғани Артықов бұрын әскери қызметтен өтпеген 27 жастан асқан қазақстандықтарды әскери қайта даярлауға жіберуді ұсынды.  

Ғани Артықовтың айтуынша, бұл шара елдің жұмылдыру резервін күшейту үшін, қазіргі халықаралық жағдайға байланысты қажет.

"Біріншіден, қазіргі халықаралық жағдайды ескерсек, еліміздің әскери әлеуеті мен қуатын арттыру үшін жалпыға бірдей әскери міндетті қайта қалпына келтіруіміз керек. Осылайша, бір жылдық әскери дайындық аясында сарбаздар жұмылдыру резервін толықтыру үшін дайындалады. Сонымен қатар біз сарбаздарды 40 күндік әскери-техникалық мектептерде оқытамыз: атқыштар, гранатаатқыштар, пулеметшілер және басқа да мамандықтар бар. Мұнда дрондармен жұмыс істеуді үйрену мүмкіндігі де бар, мұны да енгізуіміз керек. Бұдан бөлек, бір айлық әскери жиындар өткізіледі”, – деді подполковник.

 Осылайша ол 27 жастан асқан, бұрын әскери қызметтен өтпеген 50 жасқа дейінгі азаматтарды қайтадан әскери дайындықтан өткізу ұсынды. 

Алайда желі қолданушылары бұл ұсынысты сынға алды. Олардың бір бөлігі елде кәсіби әскер айтып, күшті сол әскерді дайындауға жұмсау керегін жеткізді. Олардың пікіоінше, барлық азаматтарды жаппай қайта оқытудың қажеті жоқ. Екінші топ әскери бөлімдердегі мәселелерді, сарбаздар арасындағы әлімжеттікті еске салды. Сондай-ақ олар 27 жастан асқан ер азаматтардың көбінің отбасы мен балалары бар екенін айтты.

Ал енді бірі Ғани Артықовты қызметінен босатуды талап етті. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу