Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әскерге шақырылушыларды бөлімдерге енді жасанды интеллект бағыттап отырады

Қоғам
Әскерге шақырылушыларды бөлімдерге енді жасанды интеллект бағыттап отырады

2025 жылдың соңына дейін Қазақстанда әскерге шақырылушыларды түрлі әскер түрлеріне бағыттауды жасанды интеллект жүзеге асыратын жаңа жүйе енгізіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа цифрлық платформа жаппай іріктеу тәсілінен бас тартып, әскерге шақырылатындарды даралап, нақты іріктеуге мүмкіндік береді.

"Бүгінде біз электронды жүйе арқылы кім әскерге шақырылады, кім шақырылмайтынын анықтап отырмыз. Бұл негізінен студенттер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Олар жеке тізімге енгізіледі. Тіпті, студенттерге әскери комиссариатқа келудің қажеті жоқ деген SMS-хабарлама жіберіледі. Енді біз одан да тереңірек талдауды қолға аламыз. Адамның туған жері, білімі, отбасылық жағдайы, бойы мен салмағына дейін ескеріліп, жүйе оларды қай әскер түріне жіберуге болатынын көрсететін болады", – деді Дархан Ахмедиев.

Жүйе қызметке шақырылушыларды автоматты іріктеуге көмектесіп, адами факторды азайтады. Жаңа платформа 2025 жылдың соңына дейін іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу