freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада әскери авиация жаттығуы басталады: Министрлік ескерту жасады

Қоғам
Астанада әскери авиация жаттығуы басталады: Министрлік ескерту жасады
Фото: gov.kz

Қорғаныс министрлігі Астана қаласының әуе кеңістігінде әскери авиацияның жоспарлы жаттығулары басталатынын хабарлады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомство мәліметінше, 15 мамырда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің жоспарлы іс-шаралары өтеді. Осыған дайындық ретінде 10 мамырдан бастап елорда үстінде әскери ұшақтардың жаттығу ұшулары жүргізіледі.

Министрлік өкілдері жойғыш ұшақтардың ұшуы мен жаттығулары қауіпсіз биіктікте өтетінін және қала тұрғындарының күнделікті өміріне кедергі келтірмейтінін атап өтті.

Сонымен қатар тұрғындар мен қала қонақтарынан жаттығу және демонстрациялық ұшулар кезінде уақытша шу деңгейінің артуына түсіністікпен қарау сұралды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу