Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Барыс» хоккей командасына ресейлік маман тағайындалды

Спорт
«Барыс» хоккей командасына ресейлік маман тағайындалды

Астананың «Барыс» хоккей клубы негізгі командаға бас бапкер болып Михаил Кравецтің тағайындалғанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Михаил Кравец бапкерлік мансабын 2001 жылы бастаған. Ол бұған дейін Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) «Витязь», «Амур», «Авангард», «Куньлунь» командаларын жаттықтырған.

Ал осыған дейін бас бапкер болған, қазақ маманы Ғалым Мәмбеталиевпен жасалған келісімшарт клубтың өткен маусымдағы ҚХЛ-дегі нәтижесінің көңіл көншітпеуіне байланысты бұзылыпты.

«Барыс» хоккей клубының 2025–2026 маусымына арналған бапкерлік штабы

Бас бапкер – Михаил Кравец

Бас бапкердің көмекшісі – Талғат Жайлауов

Шабуылшылар жаттықтырушысы – Александр Савченков

Қорғаушылар жаттықтырушысы – Евгений Королёв

Жалпы физикалық дайындық бапкері (ОФП) – Денис Малинин

Бейне-талдау жаттықтырушысы – Сергей Тамбулов

Сондай-ақ Талғат Жайлауовтың негізгі команда – «Барыс» штабына ауысуына байланысты, «Номад» хоккей клубына уақытша бас бапкер міндетін атқарушы болып Константин Пушкарёв тағайындалды.

Фото: "Барыс" ХК баспасөз қызметі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу