Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Билл Клинтон: Нетаньяху билікте қалу үшін Иранмен соғысқысы келеді

Әлем
Билл Клинтон: Нетаньяху билікте қалу үшін Иранмен соғысқысы келеді

АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иранмен соғысты билікте қалудың құралы ретінде қарастырып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол америкалық басылымға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Malim.kz 

Клинтонның айтуынша, Нетаньяху соңғы жиырма жылдың көп бөлігінде билікте отыр және Иранға қарсы әскери іс-қимылдар арқылы өзінің саяси орнын сақтап қалғысы келеді.

Ол сонымен қатар АҚШ-тың Таяу Шығыстағы одақтастарын қолдауы қажет екенін, алайда бейбіт тұрғындарға қауіп төндіретін соғыстардан аулақ болғаны жөн екенін атап өтті. Клинтонның пікірінше, бейбіт халыққа зиян келтіретін қақтығыстар мәселені шешпейді.

2025 жылғы маусымда Израиль мен Иран арасындағы жағдай күрт шиеленісіп, 22 маусым күні АҚШ Ирандағы Фордо, Натанз және Исфахан қалаларындағы ядролық нысандарға соққы жасаған болатын. Израиль бұл қадам үшін АҚШ-қа алғыс білдірсе, Иран ядролық бағдарламасын жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Фото: Spencer Platt / Getty Images
 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу