Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Боранбаев пен Сатыбалды шілдеге дейін абақтыда болады

Саясат
Боранбаев пен Сатыбалды шілдеге дейін абақтыда болады

Елордалық соттың баспасөз қызметі 8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Боранбаевтың  қамаудағы мерзімін 1 айға созғанын мәлімдеді.

Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Қайрат Сатыбалдыұлын да қамауға алу мерзімін бір айға ұзартты, ал одан бір күн бұрын, Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыны қамақ уақыты созылған-ды.

Еске салайық, 13 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақтелеком»-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған болатын. Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сондай-ақ, қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың қамалғаны  хабарланған еді. 17 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Мамырдың басында Forbes тізімінің алдын бермей тұрған   қос Қайрат   Қазақстанның ең бай кәсіпкерлері санатынан шығып қалды.  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу