freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Бүгін бәрі аяқталды": Ескендір Хасанғалиевтің ұлы маңызды мәлімдеме жасады

Қоғам
"Бүгін бәрі аяқталды": Ескендір Хасанғалиевтің ұлы маңызды мәлімдеме жасады
Ескендір Хасанғалиев пен Біржан Хасанғалиев. Фото: ашық дереккөзден (Фото ЖИ арқылы өңделді)

Біржан Хасанғалиев Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымын басқарған көпжылдық қызметін аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, еңбек жолындағы маңызды кезеңге қорытынды жасады.

"Құрметті достар! Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымының басшысы ретіндегі көпжылдық қызметім аяқталды. Бұл өмірімдегі өте қызықты, есте қаларлық және ең бастысы, маңызды кезең болды. Көптеген іс атқардым және сол еңбегімнен зор ләззат алды"», – деп жазды Біржан Хасанғалиев.

Ол ұзақ жылдар бойы еліміздегі белгілі оқу орындарының бірқатарын басқарғанын атап өтті. Атап айтқанда, П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне жетекшілік еткен. Сондай-ақ белгілі бір кезеңде Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжін де басқарған.

"Ұзақ жылдар бойы еліміздің жетекші оқу орындары – П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжін, сондай-ақ аз уақыт Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжін басқарғаныма қуаныштымын. Бұл кезең менің жадымда мәңгі сақталады", – деді ол.

Біржан Хасанғалиев аталған кезеңді өміріндегі маңызды әрі есте қаларлық уақыттың бірі деп бағалады. Оның алдағы қызметі туралы әзірге мәлімет жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Біржан Хасанғалиев көптен күткен қуанышты хабарын айтқан еді. 

Біржан Хасанғалиев кім?

Біржан Ескендірұлы Хасанғалиев – қазақстандық әнші, музыкант, композитор және мәдениет саласының ұйымдастырушысы. Ол 1978 жылғы 1 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. Өнерлі отбасында өскен Біржан музыкаға бала кезінен жақын болды. Оның әкесі – белгілі композитор, Қазақ КСР халық әртісі Ескендір Хасанғалиев, ал анасы Дарико Хасанғалиева медицина саласында еңбек еткен.

1993-1997 жылдары П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің музыкалық теория бөлімінде оқыды. Кейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында білім алып, музыка және теориялық пәндер оқытушысы әрі композитор мамандығын меңгерді. Бұдан бөлек, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде құқықтану мамандығы бойынша жоғары білім алған. Сондай-ақ Экономика және статистика академиясының магистратурасын тәмамдап, басқару бағытындағы білімін толықтырды.

Біржан Хасанғалиев кәсіби еңбек жолын 2002 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияда оқытушы болып бастады. 2004-2015 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде оқытушы және аға оқытушы қызметтерін атқарды. 2010-2013 жылдары осы оқу орнында доцент міндетін де атқарған. Кейін Ескендір Хасанғалиев атындағы студияға жетекшілік етті. 2015 жылы "Астана Опера" театры директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Ол кейінгі жылдары мәдениет және білім беру саласындағы басшылық қызметтерде де еңбек етті. П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжін ұзақ уақыт басқарып, Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжіне де жетекшілік етті.

Біржан Хасанғалиев шығармашылық және кәсіби қызметі үшін бірнеше марапатқа ие болған. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының лауреаты атанды. 2016 жылы оған "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді. 2017 жылы "Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері" атағымен марапатталды.

Бүгінде Біржан Хасанғалиев өнер, білім және мәдени менеджмент бағыттарын қатар алып жүрген белгілі мәдениет қайраткерлерінің бірі ретінде танылады. Ол отбасылы, бір қыз тәрбиелеп отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу