freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Цитадель қорғанында тарихи жұмыс жүргізіліп жатыр

Мәдениет
Цитадель қорғанында тарихи жұмыс жүргізіліп жатыр
Ашық дереккөзден

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы Цитадель қорғанының шығыс жақ қабырғасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Malim.kz.

Аталған жұмыстың еліміздің ұлттық стратегиялық ұстанымында маңызы зор. Кейінгі жылдары нысан қабырғасында сызаттар пайда болып, сылағы түсе бастаған еді. Арнайы жүргізілген талдау жұмыстары қорған іргесінің жыл сайын 10-15 сантиметрге отырғанын анықтаған. Соған байланысты тарихи нысанды қалпына келтіру туралы шешім қабылданды.

Реставрация жұмыстарына жауапты мекеме «Қазқайтажаңарту» РМК филиалының директоры Нұртолла Бекбергеновтің сөзімен келтірсек, жалпы ахуал былай:
"Мәдениет және ақпарат министірлігі бекітіп, белгілеген тәртіп бойынша апаттық аймақ саналатын 40 метр жерді ағымдағы жылы жасап жатырмыз. Үлкен ауқымды жұмыс. Бүкіл 1500 текше топырағын, кесегін бәрін алып, іргетасын бетонмен құйып, қызыл кірпіштермен қалап, деңгейін қазіргі 6,5-7 метрге дейін қалпына келтіреміз. Жоспарымыз бойынша мұндағы жұмыстар биылғы қараша-желтоқсанда аяқталуы тиіс".

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу