Зауыт төңірегіндегі дау: Қазақ вакцинасы, Қытай құтылары, Түркия өндірісі

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 21.06.2021

Құрылысы жырға айналған Жамбыл облысындағы вакцина зауытын іске қосу үшін енді үш ай күту қажет.

Бүгін елордада баспасөз брифингін өткізген Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауданының Гвардейский ауылында салынып жатқан вакцина зауытына қатысты журналистер сауалына жауап берді. Оның сөзінше, қазақстандық QazVac екпесін өндіретін зауыт 2021 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі.

«Былтыр 14-ші маусым күні (зауыт-ред) құрылысы басталды. Құрылыс басталғанда құжаттар ешнәрсе болған жоқ. Біздің зауыт салу жөнінде тәжірибеміз де болған жоқ. Наурыз айында зауыттың құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Қазір жасалып жатқан жұмыстар сол зауытқа керекті құрал-саймандарды алып келіп, монтаждау... GNP талаптарынан өту үшін бір жарым ай уақыт кетеді. Содан кейін сертификат пен лицензиядан өтуіміз қажет. Қыркүйек айында қазақстандық вакциналарды құтыларға өзіміз құямыз деп жоспарлап отырмыз», - деді Сапарбаев.

Бір қызығы, Бердібек Сапарбаев былтырғы жылдың тамыз айында «Гвардейскийдегі зауыт жыл соңына дейін іске қосылатын болады» деп мәлімдеген.  Кейіннен премьер-министр Асқар Маминнің орынбасары Ералы Тоғжанов «зауыт 2021 жылдың бірінші кварталынан бастап жұмыс істейді» деген. Одан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев сәуір айында зауытты іске қосу қажеттігін айтқан.

Зауыттың пайдалануға берілуі жырға айналып жатқан уақытта «QazVac вакцинасы құтыларға Түркияда құйылатын болды» деген ақпарат тарады. Оны премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов та растады.

«Институт базасында вакцина өндіруге арналған субстанция жасалады. Субстанциядан өнім алындады. Вакцинаны құтыларға құю Түркияда жүзеге асырылады. Оларда өте күшті өндіріс базасы бар», - деген Тоғжанов.

Гвардейскийдегі зауыт құрылысына бюджеттен 14 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Бұған дейін Қазақстан Қытайдан вакцинаға арналған 3 миллион бос құты сатып алған. Әзірге Қазақстанда жасалып, Түркияда өндірілетін президент мақтап, денмин жақтаған «QazVac» вакцинасы дәл осы қытайлық құтыларға құйыла ма, жоқ басқа флакондарға құйыла ма белгісіз. Неде болса, Жамбыл облысындағы зауыт құрылысы мен вакцина өндірісіндегі белгісіздік (түсініксіздік) жалғасып жатыр...

Байланысты жаналықтар

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

11.04.2025

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

11.04.2025

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

09.04.2025

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

06.04.2025
MalimBlocks
Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

Тамыры терең тарихпен астасқан мәдени мұра мекені — Ұлытауды бірге аралап, ерекше әсерге бөленейік!

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

Әділет министрлігі қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатыр

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

Бұл – қазақтың дәстүрін, киелі Маңғыстау мұрасын және түркіхалықтарының тарихын кеңінен насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік