freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Данияр Елеусінов бокс федерациясын сынға алды

Спорт
Данияр Елеусінов бокс федерациясын сынға алды
Данияр Елеусинов. Фото: News Group Newspapers Ltd

Олимпиада чемпионы, танымал боксшы Данияр Елеусінов әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстан бокс федерациясына қатысты пікір білдіріп, ондағы кейбір адамдарды сынға алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Спортшының айтуынша, федерацияда өзін қолдайтын санаулы адамдар ғана бар. Ол Шавкаттың жанындағы достары, Дархан мен Жанқошты ғана жақын тартатынын жеткізді.

"Бокс федерациясында Шавкаттың жанындағы достары, Дархан, Жанқош қана достарым. Қалғандарының бәрі екіжүзділер. Кезінде мені мойындамағандар қазір жүгіріп жүр күшік құсап. Жорғалап жүр. Екіжүзділерді жек көремін. Алла олардың ризығын да көбейтпейді", - деді Данияр Елеусінов.



Боксшы бұл сөздерінің нақты кімдерге бағытталғанын ашып айтпады. Дегенмен оның жазбасы әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды.

Айта кетейік, бұған дейін Данияр Елеусінов өміріндегі қиын кезеңдер туралы ашық айтып, Олимпиададан кейін алкогольге әуестігі тәуелділікке ұласқанын жеткізген еді. Спортшы осы мәселеге байланысты бір ай бойы оңалту орталығында ем қабылдағанын да жасырмады. Сондай-ақ ол өз әрекетінің салдарынан уақытша ұстау изоляторында болғанын айтып, жұртты адамды бір қателігі үшін асығыс айыптамауға шақырған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу