Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дархан Сатыбалды Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды

Саясат
Дархан Сатыбалды Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жарлыққа сай ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Ол 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауылшаруашылығы институтын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Соңғы қызметтерінде:

2013 жылы Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалған;

2015-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған. Парламент Сенатының депутаты болып сайланған;

2019 жылғы наурыздан бастап Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елші болды;

2022 жылғы 31 тамыздан Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу