freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Екеуміз екі жаққа кеттік": Әли Оқапов өміріндегі ауыр кезең туралы ашық айтты (ВИДЕО)

Қоғам
"Екеуміз екі жаққа кеттік": Әли Оқапов өміріндегі ауыр кезең туралы ашық айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден. Суретте: Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай

Танымал әнші Әли Оқапов "Taboo" бағдарламасына берген сұхбатында жеке өміріндегі ауыр кезеңдердің бірін еске алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің айтуынша, бір кездері жұбайы Еркемен арасы суып, екеуі мүлде араласпай кеткен. Дәл сол уақытта ол Еркені қаншалықты жақсы көретінін түсінгенін айтты.

"Ғашық екенімді ұрысып қалған кезде түсіндім. Екеуміз мүлде араласпай кеттік. Қазірдің өзінде балам мен әйелім Атырауда болса, олар кеткенде өмірімнің бояуы кетіп қалғандай болады. Үй тып-тыныш, ештеңе қызық емес. Сол кезде де дәл сондай күй кештім", – деді Әли Оқапов.

Әншінің сөзінше, оның көңіл күйіндегі өзгерісті анасы Роза Рымбаева байқап, жағдайын сұраған. Әли анасына Еркемен араласпай кеткенін, ажырасқандай күйде жүргенін ашық айтқан. Сол кезде анасы оған сабырмен кеңес берген.

"Анам: "Жарайды, балам, өзің білесің. Бірақ пікір ретінде айтайын, Ерке маған ұнайды. Ол сенің теңің сияқты", – деді", – деп еске алды әнші.

Осы сөздерден кейін Әли Оқапов гүл алып, Еркеге барғанын айтты. Ол жұбайынан кешірім сұрап, екеуі қайта татуласқан.

"Далада жаңбыр жауып тұрды. Біз татуластық, құшақтастық. Сол сәттен бастап өмірім қайтадан түрлі-түсті бояуға енді", – деді өнер иесі.

Бұған дейін Танымал әнші Ақерке Бүркітбай енесі, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева туралы жылы лебізін білдіріп, көпшіліктің ықыласына бөленген еді.

Әли Оқапов туралы

Әли Тасқынұлы Оқапов – қазақ эстрадасындағы жас буын өкілдерінің бірі. Ол 1991 жылы 22 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Әли – Қазақстанды халықаралық деңгейде танытқан әйгілі әнші Роза Рымбаеваның ұлы. Оның әкесі Тасқын Оқапов та өнер саласына жақын тұлға болған. Әлидің Мәди есімді інісі бар.

Ол бала кезінен музыкаға жақын болып, Күләш Бәйсейітова атындағы музыкалық мектепте фортепиано сыныбында білім алған. Кейін Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде оқып, өнер жолындағы білімін тереңдетті. Сонымен қатар Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында да білімін жалғастырған. Әли Оқапов шығармашылыққа тек әншілік арқылы ғана емес, би өнері арқылы да келген. 2008 жылы ол би студиясында сабақ беріп, сахна мәдениетін ерте меңгере бастады. Сол жылдары музыкалық топтармен бірге жұмыс істеп, клавишші ретінде де тәжірибе жинады. 2009 жылы Slang тобының солисі болып, көпшілікке таныла түсті. Кейін жеке әнші ретінде қалыптасып, "Жаным, сәлем!", "Ақ тілек", "Биле!", "Қалаулым", "Қазақ елі", "Уайымдама" сияқты әндерді орындады. Ол түрлі байқауларға қатысып, "Қазақстандағы жұлдыздар фабрикасы" жобасының финалисі атанды. Бүгінде Әли Оқапов әнші, биші әрі сахнада өзіндік қолтаңбасы бар өнер иесі ретінде танылып келеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу