Шымкент әкімдігіне шетелдік компания ұсыныс айтты

Malim Админ

  • 11.03.2021

Шымкенттің тұрғындарының, қала азаматтарының өмірін жақсарту, жалпыұлттық бірлікті сақтау мәселесі жиі сөз болады. Үшінші мегаполис тек оңтүстік өңір үшін ғана емес, бүкіл республика бойынша маңызды қала екені дау  туғызбайды. Сондықтан, қала экономикасын көтеру, қоғамдық-әлеуметтік жағдайды жақсарта түсу кезек күттірмейді. Бұл жағынан шетелдік мамандар мен алып компаниялар да Шымкент қаласына көп қызығушылық танытады.

Шымкент қаласына Түркиядан іскерлік топ өкілдері келді. Олармен кездескен қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков арадағы әріптестікті нығайтып, бірлесе жұмыс істеу мүмкіндіктерін қарастырды. Кездесуге «Yapiray» компаниясының бас директоры Тарык Кынжал мен жетекшілері, сәулетші және дизайнерлер қатысып, ойларын ортаға салды.

Екі жақты қарым-қатынасты нығайту туралы пікір алмасқан отырыста қонақтар «Yapiray» компаниясының жетістіктері, атқарған істері, әлеуетті жобаларымен таныстырвып, қалаға шойын жол және трамвай құрылысы жұмыстарына жүргізуге қатысты ұсыныс айтты.

Әкімнің орынбасары ұсынысты қала әкімі арнайы қарайтынын, қаланың дамуы мен экономикалық жағынан сәйкес келген жағдайда міндетті түрде қолдау көрсететінін айтты. Енді басқарма басшылары түріктердің ұсынысын жан жақты зерттейтін болады.

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады