Жезқазған-Қызылорда автожолы қашан аяқталады?

Арман Қайыпхан

  • 23.08.2024

Үкімет басшысы Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында «Жезқазған – Қызылорда» автожолы құрылысының қарқынымен танысты, деп хабарлайды Malim.kz.

Оны қалпына келтіру бірқатар өңірдің, оның ішінде Ұлытау облысының дамуына серпін беруі тиіс.

Премьер-Министрге бүгінде «Жезқазған – Қызылорда» жобасы (208 км) бойынша 4 мердігер ұйым анықталғаны баяндалды. Олармен келісімшартқа қол қойылған. Ұлытау облысы бойынша жұмыс құны 108,6 млрд теңгені құрайды. 

Биыл жол құрылысына жер бөлу, құнарлы топырақ қабатын алу, вахталық қалашықтар салу және карьерлерді ресімдеу, сондай-ақ жол-құрылыс материалдарын дайындау жоспарлануда.

Премьер-Министр «Жезқазған-Қызылорда» автожолының стратегиялық маңызы бар екеніне тоқталды. Бұл өңірдің транзиттік әлеуетін арттыруға, сол арқылы облыс экономикасының дамуына және тұрғындарының тұрмыс деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді. Көлік министрлігіне жұмыстың уақытылы аяқталуын қамтамасыз ету үшін мәселені ерекше бақылауға алу тапсырылды.

Сондай-ақ автожолды реконструкциялау кезінде мердігер ұйымдардың Ұлытау облысында тұратын мамандарды, сондай-ақ қажетті құзырет пен жоғары беделге ие компанияларды тартуына назар аударылды. Жұмыс барысында отандық құрылыс материалдары пайдаланылуы тиіс.

Үкімет басшысы автожолды реконструкциялау жұмыстарын жүргізуде жол қауіпсіздігін сақтау қажеттігіне ерекше тоқталды.  

Жалпы, өңірдегі жергілікті маңызы бар жолдарда құрылыс жұмыстары қатар жүргізілуде. 2023 жылы облыста жалпы құны 12 млрд теңгеден асатын 170 шақырымнан астам жол реконструкцияланды және жөнделді. Биыл жалпы сомасы 16 млрд теңгеден асатын, ұзындығы 196 шақырым жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін бүкіл республикалық жол желісін нормативтік қалыпқа келтіру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Қазақстанда 12 мың шақырым, атап айтқанда, республикалық желі бойынша – 8 мың шақырым, жергілікті желі бойынша – 4 мың шақырым автожолдың ауқымды құрылысы мен жөндеу жұмыстары басталды. Көлік министрлігінің деректері бойынша жыл соңына дейін 7 мың шақырымда жұмыстар аяқталады.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

09.05.2025
MalimBlocks
Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды