Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Енді жұмыс орныңыз суық болса, жұмыс істеуден бас тартып, үйден шықпай-ақ қойсаңыз болады

Қоғам
Енді жұмыс орныңыз суық болса, жұмыс істеуден бас тартып, үйден шықпай-ақ қойсаңыз болады
freepik.com

Қазақстанда күннің күрт суытуына байланысты көптеген кеңсе бөлмелері салқындап қалды. Осыған орай Tengri Life жұмыс орнындағы температура талапқа сай болмаған кезде қызметкердің қандай құқықтары барын анықтап көрді, деп жазады Malim.kz.

Еңбек кодексінің 182-бабы жұмыс берушіні қызметкерлерге қауіпсіз әрі жайлы еңбек жағдайын қамтамасыз етуге міндеттейді. Мұндай талапқа тек техника қауіпсіздігі мен жабдықтардың жарамдылығы ғана емес, жұмыс орнындағы қалыпты температура да кіреді.

Егер жұмыс орнындағы жағдай санитарлық нормаларға сай келмесе, қызметкер жұмысын уақытша тоқтатуға заңды түрде құқылы.

Сонымен бірге жұмыс беруші қызметкерлерге арнайы киім беру және оны жөндеу, дезинфекция құралдары, алғашқы көмек қобдишасы, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары сияқты санитарлық-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті. Қажет болған жағдайда сүт немесе соған балама өнімдер беру қарастырылуы мүмкін.

Заңгер Сабина Ахметованың түсіндіруінше, Еңбек кодексінің 184-бабы бойынша жұмыс орнындағы температура, желдету және жарықтандыру санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сай болуы тиіс.

Кеңсе үшін белгіленген ең төменгі рұқсат етілген температура – 18°C.

Егер ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланса, жұмыс беруші қызметкерлерді жұмысқа жеткізуді ұйымдастыруы, қашықтан жұмыс істеуге рұқсат беруі, жұмыс уақытын қысқартуы керек.

Кеңседе салқын болып, жағдай қалыпты нормаларға сәйкес келмеген кезде мамандар мына қадамдарды ұсынады:

  • Жұмыс берушіге температураның талапқа сай еместігін хабарлау.
  • Еңбек кодексіне сәйкес, жағдай түзелгенге дейін жұмысты тоқтату.
  • Дауылды ескерту кезінде қашықтан жұмыс істеуге немесе қысқартылған жұмыс күніне көшу.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу