Құрылтай депутаттары Ерлан Қариннің кандидатурасын қолдап, оны Қазақстанның вице-президенті қызметіне сайлады, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл лауазымға оның кандидатурасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған еді. Дауыс беру қорытындысы бойынша 141 депутат Ерлан Қаринді қолдады.
Осылайша Ерлан Қарин елдің жаңарған саяси жүйесіндегі негізгі мемлекеттік қызметтердің бірін атқаратын болды.