Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Еуро-2024: Англия Нидерландты ұтып, финалға шықты

Спорт
Еуро-2024: Англия Нидерландты ұтып, финалға шықты

Еуропа чемпионатының жартылай финалында Англия мен Нидерланд құрамалары кездесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Есепті ойынның жетінші минутында нидерландтық жартылай қорғаушы Хави Симонс ашты. Ал 18-минутта ағылшын шабуылшысы Гарри Кейн пенальтиде мүлт кетпей, таразы басын теңестірді

Ойын тең дәрежеде өрбіп жатқан. Қос құрама да өткір шабуылдар ұйымдастыра білді. Тіпті 79-минутта Букайо Сака ағылшындарды есепте алға шығарған. Алайда төреші араға уақыт салып бұл голды есепке алай қойды. Өйткені Кайл Уолкер офсайдта қалып кеткен екен. Дегенмен Англия дегеніне жетті. 90-минутта Олли Уоткинстің шірене тепкен добы Нидерланд қақпасынан табылды.

Енді Англия финалда Испаниямен кездеседі.

Еуро-2024 финалы 15 шілдеге ауған түні өтеді.

Фото: championat.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу